«Алматы - Ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» атты Халықаралық конференция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы - Ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» атты Халықаралық конференция басталды

24.02.2015
«Алматы - Ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» атты Халықаралық конференция басталды

«Алматы - Ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы». Бүгін Алматыда осындай атаумен Халықаралық конференция басталды.

Жиын  білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам Ынтымақтастық Ұйымы бастамасымен ұйымдастырылды.

Конференцияға әлемнің 15 елінен келген халықаралық сарапшылар, саясаттанушылар мен ғалымдар қатысуда.

Екі күнге созылатын келелі кеңесте ұйым аясындағы халықаралық-интеграциялық үрдістер талқыға салынады.

Ислам әлемі елдерінің тарихы мен мәдениетін зерттеу саласында қалыптасқан ағымдағы ахуалға сараптама жүргізілмек.

Жан-жақты мәдени ынтымақтастықтың болашақ жоспарлары қарастырылады.

Алқалы жиынның мақсаты - ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы гуманитарлық байланысты кеңейту және Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын дәріптеу.

Әлибаба Бабаев, ISESCO Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам Ынтымақтастық Ұйымы өкілі:  

Жиынның тақырыбы  «Ислам мәдениеті» деп аталғанымен, мұнда тек қана діни мәселелер қаралмайды. Осы арқылы әлем елдері  Қазақ елінің мәдениеті, тарихи-рухани құндылықтарымен танысатын болады. Мәдениетаралық және конфессияаралық диалогтар негізінде Қазақстан мен өзге де Ислам елдерінің ынтымақтастығы нығая түседі.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу