Атырауда Конституция күніне арналған мерекелік шаралар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Конституция күніне арналған мерекелік шаралар өтті

30.08.2019

Атырауда Конституция күніне орай Исатай – Махамбет атындағы орталық алаң қайта ашылды. Қаланың орталығында орналасқан демалыс орны толық жаңғыртудан өткізілген. 5 гектар аумақты алып жатқан нысанда тұрғындардың демалысы үшін барлық жағдай жасалған.

Небәрі бір жылдың ішінде алаңның 50 мың шаршы метрі түбегейлі жаңартылды. Бұрынғы бетон төсеніштертердің орны,  табиғи мәрмәр таспен алмастырылды. 8 мың шаршы метр аумақ жасыл желекпен әсемделіп, нысанның айналасы түрлі жарық шамдармен көмкерілген. 

Әділ Жұбанов, құрылыс компаниясының директоры: 

Жобаның құрылыс мерзімі 2020 жылғы шілде айында бола тұра, біздер қала тұрғындарына ыңғайсыздық тудырмайық деп, уақытынан бұрын, бар күш жігерімізді салып, уақытынын бір жыл бұрын бітіріп, іске қосуға дайынбыз. Ендігі осы алаңымыздың өміршеу болуы, ол бәрімізге байланысты.

Үш бөліктен тұратын алаңда  8 субұрқақ орналасқан. Фонтан арасынан биіктігі 3 метр болатын домбыра компазициясы алыстан  менмұндалайды. Мұндағы архитектуралық туындылардың бір ерекшелігі, ұлттық нақышта безендірілуінде. Енді жауын-шашын сайын, алаңды су шаймайды. Өйткен нысан толықтай дренаж жүйесіне қосылған.

Өте әдемі болған екен. Көптеген ерекшеліктер бар. Фонтандар әдемі екен. Отбасымызбен жүрміз көрейік деп.

Субұрқақ өте әдемі салынған. Балалар ойнайтын алаң, жастар қыдыратын алаң өте ерекше. Жақсы үндесіп тұр бір бірімен.

Орталық алаң халық үшін рухани орынға айналуы тиіс. Енді мұнда түрлі мәдени шаралар мен  концерттер көптеп ұйымдастырылмақ. Ал алаңның қақ төрінде қасқайып тұрған Исатай мен Махамбет батырдың ескерткіші тарихымыздан сыр шертіп, келушілерге асқақ рух сыйлары сөзсіз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу