Талдықорғанда Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков жастармен кездесті
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясындағы басқосу қалада орнатылған биік тудың жанында ұйымдастырылды. Жандарбек Мәлібекұлы елтаңбаның тарихы туралы баяндап, жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Ең қызықты сауал қойған өрендерге өзінің авторлық кітабын тарту етті.
Сондай-ақ Гиннес рекордтар кітабына енген гір көтеруден ардагерлер арасындағы әлем чемпионы Әбдуәлі Тастановқа еліміздің көк туын табыстады. Спортшы рәміздер күні қарсаңында теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан Шаған тауына жаяу көтеріліп, байрағымызды желбіретпек.
Жандарбек Мәлібеков, Елтаңба авторы:Қанша біз білімді болсақ, сонша біз мемлекетіміз де, еліміз де бақуатты болады. Егер біз ой-пікірімізді жаңаша көзқараспен қарастыратын болсақ, онда біздің жаңа Қазақстанымыз жаңа деңгей мен белеске көтерілді деп ойлаймыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01