Үндістанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарында жұқпалы ауру тарады
Үндістанның Ассам штатында тасқын жайлаған аудандарда түрлі ауру тарай бастады. Жергілікті тұрғындар, әсіресе дене қызуынан, жөтелден, диареядан зардап шегіп отыр.
Жалпы алғанда аймақта 5,5 миллиондай адам үйлерін тастап кеткен. Солардың 3,7 миллионы мемлекет тұрғызған уақытша шатырларға орналастырылды. Талай ауыл суға кетті. Қазір оларға қайықтар, тікұшақтармен көмек жеткізіліп жатыр.
Ал Қытайдың оңтүстігінде полицейлер суға кете жаздаған әйелді құтқарды. Ол машинасымен өзенге айналған көшеде қалып қойған. Тәртіп сақшылары азаматшаны әрең аман алып қалғандарын айтады.
Айта кетсек, Гуандун провинциясы – Қытайдың түскейінде толассыз жауын мен тасқыннан еңқатты зардап шеккен аймақтардың бірі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Санаулы минуттан соң «Қайрат» - «Олимпиакос» матчы басталады
09.12.2025, 20:16
Білімді әрі адал ұрпақ – ұлт болашағы
09.12.2025, 20:14
Маңғыстау облысында 18 инвестициялық жоба жүзеге асты
09.12.2025, 20:13
Тұрғындар зейнетақы қорынан жылдағыдан 2 есе көп ақша алған
09.12.2025, 20:09
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде жиын өтті
09.12.2025, 20:07
Еліміздегі жолдар пилотсыз көліктерге бейімделіп жатыр
09.12.2025, 20:04
Оңтүстікте су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін
09.12.2025, 20:03
Президент Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
09.12.2025, 20:02