АҚШ-та аяз салдарынан 9 млн-ға жуық адам сусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та аяз салдарынан 9 млн-ға жуық адам сусыз отыр

23.02.2021

АҚШ-тың Техас штатында өткен аптада болған аяз салдарынан 9 миллионға жуық адам сусыз отыр. Жылу мен жарық жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Тегін азық-түлік тарату орындарында бірнеше шақырымға созылған кезек пайда болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 13 мыңнан астам үйге электр жарығы әлі қосылмаған. Айта кетсек, АҚШ-тың 7 штатында жауған қалың қар мен салқын ауа райынан 58 адам қайтыс болды. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу