Мектеп бітіру кештері білім ордасында ғана өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп бітіру кештері білім ордасында ғана өтеді

25.05.2022

Мектеп бітіру кеші тек білім ордасының қабырғасында ғана өтеді. Ал мейрамханаларда іс-шара ұйымдастырып, атап өтуге тыйым салынады. Арнамыздағы «1001 түн» бағдарламасына қатысқан Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бітіру кешіне қатысты осындай пікірін білдірді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі: 
Қазір бізде жақсы үрдіс пайда болды. Кейбір мектептің түлектері заманауи оймен, ақшаларын жинап, балалар үйіне көмектеседі. Қарттар үйіне көмек жасайды. Қайырымдылық жасайды. Сондықтан бәсекелестік жасаудың қажеттілігі жоқ деп ойлаймын. Соңғы қоңырау кешін мектепте, мектептің қабырғасында, территориясында өткізу керек. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу