Татарстандағы Қазан Федералды университетінде 214 қазақ студенті білім алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татарстандағы Қазан Федералды университетінде 214 қазақ студенті білім алуда

31.01.2015
Татарстандағы Қазан Федералды университетінде 214 қазақ студенті білім алуда

Ол Мәскеу Мемлекеттік университетінен кейінгі, Ресейдегі ең көне екінші оқу орны. Бұл білім ордасында қазақтың талай игі-жақсылары білім алған. Оқу орнының елімізбен байланысы күні бүгінге дейін үзілген жоқ. Қазір бұл жерде көптеген қазақ жастары білім алып жатыр.

Баға жетпес байлықты университет көзінің қарашығындай сақтап отыр. Бұл жерге бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған. Кітапхана меңгерушісі арнайы келгенімізді естіген соң ғана, біздің арнаның түсіру тобына рұқсат берді. Көп кітаптың арасынан қазаққа қатысы бар дүниені таптық. Ол Жәңгір ханның университетке берген сыйы.

Жәңгір хан Қазан университетінде 2 мәрте болып, оның құрметті мүшесі атанады. Осы сапарлардың әсерімен кейін, ол Бөкей ордасында алғаш рет мектеп ашады. Жәңгір ханның өзі ерекше құрмет тұтқан осы Қазан университетіне, жерлестеріміздің ықыласы әлі ерекше. Оқу орнында қазір 214 қазақ студенті білім алуда.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу