Түркістан облысында мыңға жуық референдум комиссиясы жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында мыңға жуық референдум комиссиясы жұмыс істеп жатыр

23.05.2022

Түркістан облысында мыңға жуық референдум комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Оның 18-і аумақтық болса, қалғандары облыстық, қалалық және аудандық деңгейде. Бүгін Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Арыс қаласы мен Ордабасы ауданындағы орталықтардың жұмысын көрді, мамандардың сұрақтарына жауап берді. Референдум өтетін күні 6300-ден аса комиссия мүшесі бюллетеньдерді қабылдайды.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы:

Негізгі мақсат - учаскелердің дайындық барысын тексеру, көптеген көрнекі ақпараттың қалай ілініп тұрғаны, халыққа қаншалықты қолайлы ыңғайлы болғанын мәселелерді көріп жатырмыз. Және де біз Түркістан облысы бойынша дайындық мәселесі, жергілікті комиссиялардың жұмысы, осы негізгі мәселелерді қозғаймыз.


Хабарламаларға жазылу