Жамбыл облысында 450 мыңға жуық тұрғын дауыс берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 450 мыңға жуық тұрғын дауыс берген

06.06.2022

Жамбыл облысында 450 мыңға жуық тұрғын дауыс берген. Бұл қатысушылардың шамамен 70 пайызын құрайды. Әріптесім Нұрдос Болатұлы тікелей байланыста. Нұрдос соңғы ақпаратпен бөліссеңіз?

Нұрдос Болатұлы, тілші:

Қазір ғана баспасөз мәслихатында облыстық Референдум комиссиясы ешқандай заң бұзушылық тіркелмегенін хабарлады. Тек дауыс беруге алғаш рет келген тұрғындарға нұсқаулық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Аймақта 492 учаске таңғы 7.00-ден кешкі 20.00-ге талапқа сай жұмыс істеді. 4 мыңға тарта комиссия мүшелері болды. Байқаушылар да өз міндетін атқарды. Қазір менің жанымда облыстық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов бар. Серғали мырза, кешегі алдына ала есеп бойынша облыс тұрғындарының 70 пайызға жуығы дауыс бергені хабарланған еді. Бүгінгі мәлімет қандай?

Облыста 1 мың 200-ге тарта адам үйде отырып таңдауын жасаған. Айта кетейік, Жамбыл өңірінің халқы маңызды шарада айтарлықтай белсенділік танытты. Кеше түс аумай тұрғындардың жартысына жуығы таңдау жасап үлгерген еді.


Хабарламаларға жазылу