Ақтөбеліктер де таңертеңнен бері референдум учаскелеріне көптеп келіп, өз таңдауларын жасап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеліктер де таңертеңнен бері референдум учаскелеріне көптеп келіп, өз таңдауларын жасап жатыр

05.06.2022

Ақтөбеліктер де таңертеңнен бері референдум учаскелеріне көптеп келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Өңірде 531 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Әсіресе, таңмен бірге оянып, тірліктеріне ерте кірісетін ауыл халқының негізгі бөлігі түске дейін ерекше белсенділік танытты.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Иә, бұл саяси науқанда ақтөбеліктер де ерекше белсенді. Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Қазыналы қарттар мен 18-ге енді толған жастарға дейін ел болашағы үшін аса маңызды істен қалыс қалмады. Қазір мен тұрған Сарыжар ауылында дауыс беру құқығы бар 3333(нақтыланады) адам тіркелген. Тұрғындар әр дауыстың маңызды екенін айтады.
Бейсенбай Құлсүгірұлы, Сарыжар ауылының тұрғыны:

Жалпы, облыс бойынша 531 референдум комиссиясы жұмыс істеп тұр. Оның 14-і аумақтық, 17-сі учаскелік. Ал, 15-і жабық. Яғни, ауруханалар мен арнайы мекемелерде құрылған. Өңірдегі саяси науқанның барысы жөнінде алдағы шығарылымдарда да толығырақ хабарлайтын боламыз.
Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу