Шығыс Қазақстанда жол апатынан 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 5 адам қаза тапты

23.05.2022

Шығыстағы «Алматы-Өскемен» республикалық тас жолының Қалбатау ауылы тұсында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты. Ауыр жарақатпен тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. «NISSAN CEFIRO» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырып, алдында келе жатқан «Беларусь» тракторының тіркемесіне соғылған. Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды.

Оралда апаттан 20 жастағы жолаушы көз жұмды

Ал, Оралда жеңіл көлік жарнама бағанына соғылып, 20 жастағы жолаушы көз жұмды. Ал көлікке қыстырылып қалған жүргізушіні құтқарушылар шығарып алды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Апатта рөлге ие бола алмай қалған жүргізушіден басқа, 2002 жылғы қыз да ауруханаға жеткізілген. Бірақ есін жимастан көз жұмған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.


Хабарламаларға жазылу