Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасын қабылдады. Мәулен Әшімбаев палата депутаттарының өңірлерге жасаған сапары туралы баяндады. Кездесуде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды талқылаған. Президент Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған проблемаларды шешу жұмыстарын жалғастыру қажеттігін айтты.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер ұйымы» республикалық бірлестігінің төрағасын қабылдады. Бақтықожа Ізмұхамбетов ұйымның жұмысы жайлы баяндап, жалпыұлттық референдум өткізуді қолдау жөніндегі штаб құрылғанын жеткізді. Жұмыс екі бағытта жүргізіліп жатыр. Бірінші, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мән-мағынасын түсіндіру. Екіншісі референдумға белсенді түрде қатысу мәселесін қамтиды.
Досжан Маратұлы