Бүгін УЕФА Еуропа лигасының финалы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін УЕФА Еуропа лигасының финалы

18.05.2022

Бүгін УЕФА Еуропа лигасының финалы. Ақтық сында Франкфурттың Айнтрахт командасымен Шотландиялық Рейнджерс кездеседі. Беделі жағынан Еуропадағы екінші турнир Испанияның Севилья қаласында өтеді. Германиялық команда кәрі құрлықта жақсы өнер көрсетіп жүргенімен, үлкен жетістікке жете алмаған. Алайда жанкүйерлерінің белсенділігі жоғары. Ал Рейнджерс соңғы рет 2008 жылы Еуропа лигасының финалында ойнаған. Бүгінгі матчта жеңген команда келесі жылы автоматты түрде чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Финалдық кездесуді сағат 12.50-де Қазспорт арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу