Батыс Қазақстан облысында 2 жастағы қыз баланың үстіне теледидар құлап кетіп, жансақтау бөліміне түсті
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық ауруханасында 2 жастағы қыз баланың үстіне теледидар құлап кетті. Қазір бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Бұдан бұрын ол осы ауруханада ем алған. Оқиға болған күні әкесі екеуі анықтама қағазын алу үшін дәрігерге келген. Ер адам кезек күтіп отырғанда, бала ойнап жүрген. Абайсызда теледидар тұрған жиһазға мініп, тұрмыстық техника үстіне құлайды. Әкесі орнынан ұшып тұрып, баланы бірден дәрігерге апарған. Кейін ауылдан реанимобильмен қаладағы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір баланың жағдайы ауыр, - дейді дәрігерлер. Бас сүйегінен жарақат алған, маңдай-шеке сүйегі сынған.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10