4 пайыздық автонесиені беретін 4 банк анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4 пайыздық автонесиені беретін 4 банк анықталды

16.05.2022

Елімізде 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беріле бастады. Таңертеңнен бері автосалондарға көлік таңдауға барғандар қатары көбейген. Тәртіп бойынша көлік алушы онда электрондық кезекке тұрады. Кезегі келгенде ғана екінші деңгейлі банкке барып, несие алады. Белгілі болғандай аталған бағдарламаға 4 банк: «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», «Форте банк» және «Еуразиялық банк» қатысады. Алдағы уақытта банктер саны көбеюі мүмкін. Бұрынғы жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша төлем шотында көліктің VIN-кодының болуы талап етілмейтін. Енді VIN-код арқылы кезекке тұру талабы автонесиені тек салонда бар көліктерге ғана рәсімдеуге жол ашады.

Ринат Ғаппаров,  «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: 
Әуелі адам автомобильді таңдап алуы керек. Егер ол таңдаған көлік түрі автосалонда жоқ болса, күту керек болады. Автомобиль келген кезде тұтынушы автосалонға шақыртылады. Сол жерден өзі таңдаған көлікке төлем шотын алады. Ол шотта көліктің VIN-коды болуы керек. Осы төлем шотын қолына алып, банктен пайыздық несие рәсімдейді. Бірінші кезекте деп басымдық берілетін белгілі бір санат болмайды. Бәрі кезек негізінде реттеледі.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу