Алматыда жалған автокөлік бөлшектерін сатқандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жалған автокөлік бөлшектерін сатқандар анықталды

16.05.2022

Алматыда танымал брендтердің атын жамылып, жалған автокөлік бөлшектерін сатқандар анықталды. Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жалпы сомасы 2 млрд теңгеге жуық «Toyota», «Hyundai», «Honda» сауда белгілерінің контрафактілік автобөлшектер қоймасы табылған. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті ұсталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

 Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі: 
Анықталғандай, контрафактілік қосалқы бөлшектер фирмалық қораптарға салынып, кейін Қазақстанның көлік базарларына таратылған. Жалпы, тергеу шараларының қорытындысы бойынша 106 мыңға жуық жалған автокөлік бөлшектері тәркіленді. Қазір іс сотта қаралуда. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу