Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі ұзартылды
Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары мәлімдеді.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және Қазақтелекомның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша, қылмыстық істі тергеуде. Ал, квазиМемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша күдікке ілінген Қайрат Боранбаев, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Қазір тергеу жалғасуда. Жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің мамандары, биыл тіркелген жемқорлыққа қатысты істердің 20 пайызы, квазиМемлекеттік секторға тиесілі екенін айтады.
Ұлан Сарқұлов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:Мәселен, 2020 жылдан бастап биылғы 1 тоқсанға дейін 418 қылмыстық іс аяқталды және 162 адам сотталды. Талдау көрсеткендей, бұл қылмыстардың 80%-ы орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою және сатып алу жеңімпазын анықтау кезінде бюджет қаражатын ұрлаумен және парақорлықпен байланысты. Статистикаға сәйкес, бюджет шығыстарының жалпы сомасындағы мемлекеттік сатып алу үлесі шамамен 30%-ға жетеді. Бұл нарыққа айтарлықтай кері әсерін тигізеді.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06