Ақмола облысында үздік ұланбасы анықталды
Оқушылар арасында өткен ақтық сайыста аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары бас қосты. Олар өздерінің мектептерінде атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы баяндады. Сондай-ақ, «Жас ұлан» ұйымының жұмысын жетілдіру бойынша жобаларын ұсынды. Балалар жылы аясында ұйымдастырылған шараның көздегені жасөспірімдердің көшбасшылық қабілеттерін анықтау және олардың мүмкіндіктерін дамыту.
Алуа Дулатова, сайысқа қатысушы:Мен «Қызмет ету - қуану үшін!» жобасын ұсындым. Оның ішінде Отанға қызмет ету, қоғамға қызмет ету және туған жерге қызмет ету бағыттарын нақтылай кетіп, сондай қызмет ететін болсақ, сол жобаны іске асыратын болсақ, «Жас ұлан» ұйымының да, балалардың да, қоғамның да рөлі артатынын, барлығының жақсаратынын айтып кеткен болатынмын.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10