Жасы 70-ті алқымдап қалған павлодарлық Андрей Селюх кестеден картина жасайды. Оның қармақ бізді қолына алғанына 36 жыл болыпты.
Қазір шебердің жеке коллекциясында 70-тен аса туынды бар.
Кейбір картиналардағы кестеленген өрнектердің саны 64 мыңға жеткен.
«Кестенің құпия қырларын, бейнелеу мүмкіндіктерін ашуға тырыстым», дейді шебер.
Бастапқыда Андрейдің кесте өнерімен айналысқанына тосырқай қарағандар болған. Бірақ, шебер ішкі дүниесін кестеге түсіру мақсатынан айныған жоқ.
Андрей Селюх, қолөнер шебері:
Мен алғаш бастаған кезде қармақ біз бен жіп табудың өзі қиын болатын. Сондықтан, сәтті шыққан туындылар кейінгі жылдары жасалды. Қазір 62 мың өрнектен құралатын картинаны кестелей бастадым. Кестелеп тоқу - мен үшін теңдесі жоқ өнер.
Болат АМАНБАЕВ