Қоғам белсенділері саяси реформалар жайында ойларымен бөлісті
Ата заңдағы өзгерістер саяси-әлеуметтік өмірдің негізгі тетіктерін түгел қамтиды. Бүгін қоғам белсенділері мен халық қалаулылары саяси реформалар жайында ойлармен бөлісті. Мәселен, жаңа сайлау жүйесі бойынша қазақстандықтар партия құрамына кірмей, мәслихат пен мәжіліске сайлануына өз үміткерлігін ұсына алады. Сонымен қатар конституциялық соттың құрылуы да Ата заңға кіретін ауқымды өзгерістердің бірі. Атаулы орган сот жүйесінің әділ әрі ашық жұмыс істеуіне, іргелі заңға қайшы келетін сот шешімдерін шығармауға ықпал етеді.
Саясат Нұрбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Конституцияда бекітілген сіздің азамат ретінде ең негізгі құқықтарыңыз бұзылатын болса немесе Конституцияға қайшы келетін болса, кез келген шешім енді бір жерде қаралатын бір орган пайда болды. Және де адам құқықтары жөніндегі уәкілі омбудсмен дегеніміз ол енді конституциялық деңгейде өзінің иммунитеті пайда болды. Ол ешкімге бағынбай, адами құқықтарын бұзушылығын қадағалайтын бір арнайы адам пайда болды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58