Әуе рейстері кешіккен кезде жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы сын көтермейді
Әуе рейстері кешіккен кезде жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы сын көтермейді. Азаматтарға тегін тамақ пен жататын орындар тиісті деңгейде ұсынылмайды. Сусын бағасы қымбат. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев отандық әуе индустриядағы түйткілдерді көтерді. Айтуынша, өткен жылы 13 мыңға жуық рейс кешіктірілген. Оның 9045-і борттың кешігіп келуімен байланысты. «SCAT», «Qazaq Air» әуе компанияларының әрбір төртінші рейсі кешігіп келген. 912 рейс ауа райына байланысты кестені бұзған. Осыған қарамастан биыл рейстерді субсидиялауға 6 млрд теңге бөлінген. «Қызмет сапасы нашар әуекомпанияларға осыншалықты қыруар қаржы бөлу қаншалықты орынды?» дейді депутат.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
«Мемлекеттің тікелей қолдауымен құрылған «FlyArystan» компаниясынан бір жұтым суды 500 теңгеге сатып аласың.+ Оған қоса, лаукастердің саясатына кереғар болатын соңғы билеттер қалған уақытта оның бағасын 5-6 есеге көтеріп сатуды ретке келтіретін уақыт жеткен сияқты.+Жыл өткен сайын қазақ әуеиндустриясының ахуалылын еуропалық стандарттарға сай реттеуіміз қажет».
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06