Қытайда коронавирустың таралуын тежеу шаралары күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирустың таралуын тежеу шаралары күшейді

11.05.2022

Қытайда коронавирустың таралуын тежеу шаралары күшейді. Әсіресе Бейжің мен Шанхай қалаларында шектеу қатаң. Мысалы, ел астанасында миллиондаған тұрғынды коронавирусқа тексерудің келесі кезеңі жүріп жатыр. Билік жекелеген тұрғын үй кешендерін оқшаулап, 60 метро станциясын жапты. Ал Шанхайда пойыз қатынасы мүлдем тоқтады. Тұрғындарға үйден шығуға тыйым салынған. Коронавирусты анықтауға арналған тестілеу нәтижесіне қарай шектеу мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдың пандемиямен күрес тәсілін сынға алып, оны өзгертуге шақырды. Шектеу шараларының экономика мен қоғамдық өмірге ықпалын естен шығармау керек деп мәлімдеді. Бейжің болса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бұл сынымен келіспейтінін айтып, Қытайдың коронавирусқа қатысты саясатына объективті қарауға үндеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу