Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 127 үйдің ауласын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 127 үйдің ауласын су басты

17.05.2016
Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 127 үйдің ауласын су басты
Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 127 жеке үйдің ауласын су басты.

Қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының мәліметінше, Алатау ауданында 87, Наурызбай ауданында 17, Жетісу ауданында 15, Медеу ауданында 5, Түрксіб ауданында 3 ауланы су алған.

Қазір су басқан аулаларды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу