Алматы облысында жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын түсіндіру жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын түсіндіру жұмыстары басталды

11.05.2022

Алматы облысында 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын түсіндіру жұмыстары басталды. Өңірде құрылған штаб мүшелері «Талдықорған су құбыры» мемлекеттік мекемесі ұжымымен кездесіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы толық қанды ақпарат берді. Қоғамдық ұйым өкілдері, заңгерлер мен сарапшылар халықты сайлауға белсенді қатысып, мемлекеттің болашағын айқындауға бір кісідей атсалысуға шақырды. Ата заңымыздың үштен бір бөлігіне жасалатын түзетулер демократиялық қоғам қалыптастыруға бағытталған тағы бір қадам екенін түсіндірген мамандар қарапайым жұмысшылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Жалпы өңірде бір облыстық, 20 аудандық және 1 қалалық штаб сайлауға дейін тұрғындармен осындай кездесулер ұйымдастырмақ.

Болат Тұрысбеков, қалалық штаб төрағасы:
Референдум өткеннен кейін көп заңдардың өзгеретін түрі бар. Сол заң халыққа жұмыс істейді. Соған енді біздің қазір бәріміздің азаматтық борышымыз сол референдумға қатысуымыз керек.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу