Алматыда Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов бір топ мұғалімдермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов бір топ мұғалімдермен кездесті

12.05.2022

Бүгін Алматыда Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов бір топ мұғалімдермен кездесті. Шара еркін форматта өтті. Мақсат – Конституциялық референдумның маңыздылығын түсіндіру. Депутат референдумның стратегиялық маңызына тоқталды. Айтуынша, осы уақытқа дейін жергілікті мәслихат әкімдердің ығына жығылып келген. Енді аудандық, облыстық және қалалық деңгейдегі сайланатын депутаттардың орнына қоғамдық-саяси мәселелерде өзінің айтары бар азаматтардың келуі қалыптасқалы жатыр.

Ғазиз Құлахметов, Парламент Мәжілісінің депутаты:
Ревизиялық комиссиялардың өкілеттіліктерін алып алған болатын. Қазір сол өкілеттіліктерді сәйкесінше аймақтарға беру мәселесі пысықталып жатқан жайы бар. Ең маңыздысы – ұстаздар қауымына, адамдар үшін осы референдумға белсенді түрде атсалысып, келу қажеттілігін насихаттамақ ойымыз бар. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу