Әлихан Смайылов: «Айналым схемасын» 100% қаржыландыру керек
«Айналым схемасын» 100% қаржыландыру керек. Осы жоспардың толық орындалмауынан азық-түлік әлі де қымбат. Премьер-Министр әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша жиын өткізді. Өңірлердегі ең жоғары өсім Қарағанды облысында тіркелді. 0,4 пайыз. Басқа аймақтарда 0,3 пайыз. Үй маңындағы дүкендер мен сауда нүктелеріне тексеріс өткізіліп талап бұзғандар анықталған. Рейд нәтижесінде баға 15%-ға төмендетілген. Бірақ, бұл мәселені түбегейлі шешпейді. Сондықтан ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге өнімдерге сұранысты ескеріп, соған қарай уақытылы жеткізу үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімін реттеу тапсырылды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:Инфляция мәселелері халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер етеді, ол күнделікті бақылауда болуы тиіс. Әкімдердің осы бағытқа жетекшілік ететін орынбасарлары жағдайды бақылап, тиісті шаралар қабылдауы қажет. Бізде қажетті құралдар бар.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00