Шымкентте 17 әскери қызметкер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 17 әскери қызметкер марапатталды

06.05.2022

Бүгін Отан қорғаушылардың мерекесіне орай Шымкентте өткізілген салтанатты жиында 17 әскери қызметкер арнайы марапатталды. Олардың ішінде қорғаныс саласында ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлер, батылдық әрекеттерімен танылған сарбаздар мен Қаңтар оқиғасы кезінде қоғам тыныштық сақтауда жанқиярлық көрсеткен әскери қызметшілер бар. Мерекелік кеште көпшілік сақ пен ғұн дәуірінен бастау алатын бабалардың ерлік істері мен атына адалдық, Отан қорғау ісіндегі ұрпақ сабақтастығы туралы сахналық көріністі тамашалады. Ел қорғаны болып жүрген сарбаздар «еліміз Тәуелсіздік алған жылдардың ішінде қарулы құрылым кәсіби тұрғыда әбден жетілген, қорғаныс күші мығым әскерге айналды. Соның арқасында бүгінде олар қарсыласты жойқын шабуылдап, тегеурінді тойтарыс беретін күшке ие болып отыр, дейді.

Ғалымжан Әзімбекұлы, Шымкент қаласы Қорғаныс департаментінің басқарма басшысы:

 Ата-бабамыздан қалған елімізді, жерімізді батылдықпен қорғап отырмыз. Бізден кейінгі ұрпақ та ата-баба жолын батылдық, адалдықпен қорғайтынына сенімдімін.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу