АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі негізгі пайыздық мөлшерлемені бірден 50 базалық пунктке көтеріп, 1 пайызға жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі негізгі пайыздық мөлшерлемені бірден 50 базалық пунктке көтеріп, 1 пайызға жеткізді

05.05.2022

АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі негізгі пайыздық мөлшерлемені бірден 50 базалық пунктке көтеріп, 1 пайызға жеткізді. Оның мақсаты шарықтап бара жатқан инфляцияны бақылауға алу. Еске салсам Америка орталық банкі несиелік үстемені 2000-жылдан бері алғаш рет осынша дәрежеге жоғарылатып отыр. Кей сарапшылардың пікірінше, пайыздық ставканың бұлай өсуі дамушы мемлекеттердің шетелден қарыз алу мүмкіндіктерін шектеп, долларды қымбаттатады. Сондай-ақ, ұлттық валюталарды әлсіретіп, экономикалық дамуын тежейді. Тіпті жұмыссыздық проблемасын ушықтыруы мүмкін.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу