Орталық банк пайыздық үстемені тағы көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық банк пайыздық үстемені тағы көтерді

15.12.2022

АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені жарты пайызға көтерді. Және де Американың орталық банкі мұндай монетарлық саясатты 2023 жылдың соңына дейін жалғастырып, проценттік үстемені 5,1 пайызға дейін жоғарылатуды көздеп отыр.

Мұны Американың бас банкирі Джереми Пауэлл мәлімдеді. Оның сөзінше, несиені қымбаттату туралы шешім бағалардың күрт өсуін тоқтату мақсатында қабылданып отыр. Айта кетсек, Құрама Штаттарда биыл инфляция деңгейі соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке дейін жетіп, маусымда 9 пайыздан асып кеткен.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу