Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Алғашқысы - Алматы агломерациясын дамыту. Шаһар басшысы Ерболат Досаев пен аймақ әкімі Қанат Бозымбаев баяндама жасап, бірқатар ұсыныстар тыңдалды. Сонымен қатар су шаруашылығын дамыту мен «Жаңа экономикалық саясат» мәселесі пысықталды. Президент тіршілік нәрін пайдалануда ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарының сын көтермейтіндігін айтты. Су ресурстарына қатысты тиімді саясат жүргізілмей келеді. Қазіргі жаһандық сын-қатерлер аясында экономикалық саясатты толығымен қайта зерделеу маңызды. «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» холдингі экономика үшін де, мемлекеттік саясат үшін де өте маңызды субъектілер деді Президент. Сондықтан олардың жұмысын дұрыс жүргізу арқылы бүкіл экономикалық саясаттың тиімділігін анықтауға болады. Мемлекет басшысы талқылаудың нәтижелерін ескере отырып, құжатты пысықтауды тапсырды.
Дарын Сағитов