Ресейдің Калининград қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды
Бұған дейін өңірге қарасты қызметтер Санк-Петербургтағы бас консулдық арқылы көрсетіліп келген. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Калининград облысына сапары барысында аймақ губернаторы Антон Әлихановпен келіссөз өткізді. Пандемияға қарамастан Қазақстанмен соңғы жылы екіжақты сауда айналымы ұлғайған. Мысалы, 2020 жылы оның көлемі 54,9 миллион долларды құраса, былтыр 66 миллион долларға жеткен.
Ермек Көшербаев, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі:Құрметті консулдық еліміздің экономикалық, гуманитарлық және мәдени мүдделері тоғысқан жерде ашылды. Осы тұрғыдан жаңа консулдық азаматтарымызға қолдау көрсетеді деген сенімдеміз. Сонымен қатар Калининград облысымен ауыл шаруашылығы, көлік және туризм саласында ынтымақтастық әлеуеті жоғары, ілкімді жобаларды жүзеге асыруымыз керек.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Мұрат Бердалиевпен сұхбат
12.03.2026, 15:20
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Аслан Қайырғалиевпен сұхбат
12.03.2026, 15:18
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Айжан Қарабаевамен сұхбат
12.03.2026, 15:15
Ресейде 16 өңірде су тасқыны күтілуде
12.03.2026, 13:42
Егістіктегі судың әр тамшысы бақылауда болады
12.03.2026, 13:42
163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
12.03.2026, 13:34
Шымкентке Жиддадан арнайы рейспен 200-ден астам азамат елге жеткізілді
12.03.2026, 13:30
Жетісу облысында жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді
12.03.2026, 13:28