Түркияда Қазақстанның жетінші құрметті консулдығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда Қазақстанның жетінші құрметті консулдығы ашылды

07.04.2022

Түркияда Қазақстанның жетінші құрметті консулдығы ашылды. Ол елдің шығысындағы Битлис аймағының орталығы - тарихи Ахлат қаласында орналасқан. Ғасырлар бойы талай өркениеттер мен империялардың қолында болған бұл қалаға Анадолыға көшкен түркілер алғаш табан тіреген. Сондай-ақ Осман империясының іргетасы да осы шахарда қаланған. Қазақстан мен Түркия дипломатиялық байланыстарының 30 жылдығы қарсаңында ашылған құрметті консулдық кеңсесі екі ел арасындағы ынтымақты нығайтумен қатар азаматтарға визалық және өзге де құқықтық көмек көрсетеді.

Муаз Ергезен, Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы:
Қазақстанмен жан-жақты байланысты нығайтумен қатар, заңгер болғандықтан осындағы Қазақстан азаматтарына түрлі құқықтық көмек те көрсете аламын. Мыңжылдық тарихы бар шаһардағы құрметті консулдығымызды ашу арқылы тарихи байланысымызды одан әрі арттырамыз деп ойлаймын.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу