Президент Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийартоны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийартоны қабылдады

03.05.2022

Президент Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрі Петер Сийартоны қабылдады. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынастың келешегі талқыланды. Мемлекет басшысы министрге елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды, Жаңа Қазақстан құру туралы, сондай-ақ Конституцияға түзетулер енгізу үшін, референдум өткізуге дайындық жөнінде мәлімет берді. Кездесу аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петер Сийарто халықаралық және аймақтық күн тәртібінің, өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Қазақстанға келгеніңізге өте қуаныштымын. Мен Премьер-министр Виктор Орбан жетекшілік ететін басқарушы «ФИДЕС» альянсты жуырда өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен тағы да құттықтаймын. Бұл туралы мен жеделхат жолдадым. Қазқстан мен Мажарстан арасында экономикалық салада мүмкіндік мол. Будапештпен арадағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән беремін».

Петер Сийарто, Мажарстан сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрі:

«Үкімет басшысы атына жолдаған құттықтауыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мажарстандағы басқарушы партияның жеңісі - елдің дербес әрі тәуелсіз сыртқы саясатын одан әрі жүзеге асыруы үшін маңызды. Біз Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайта түсуге мүдделіміз».


Хабарламаларға жазылу