Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Петер Сийяртомен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Петер Сийяртомен кездесті

19.02.2015
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Петер Сийяртомен кездесті

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыс және Сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар, Украинадағы, Сириядағы жағдай, Ауғанстанды тұрақтандыру мәселесі, Иран ядролық бағдарламасы сынды өзекті мәселелерге қатысты ұстанымдарын талқылады.

Басқосуда биыл көктемге жоспарланған Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанның Астанаға ресми сапары туралы айтылды.

Сондай-ақ, екі ел арасындағы сауда айналымын арттыру жайы талқыланды. 

 

Дәулетхан АҚАЙДАРОВ

 
 
 

Хабарламаларға жазылу