Министр Мұхтар Тілеуберді КВИ-ге қарсы вакцина салдыратынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр Мұхтар Тілеуберді КВИ-ге қарсы вакцина салдыратынын айтты

06.04.2021

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді коронавирусқа қарсы вакцина салдырмақ. Бұл туралы ол Мажарстанның сыртқы істер министрі Петер Сийартомен кездесуінде айтты. Ал Мажарстан сыртқы істер министрі «Спутник V» вакцинасын алғанын жеткізді. 

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:
Отандық вакцинаны салдыруды жоспарлап едім. Соның тезірек шығуын күтіп отырмын. Бірақ, қазір халықаралық іс-шаралар жиілеп барады. әріптестермен кездесулер болады. Сондықтан вакцина алу маңызды. Сол себепті жақында екпе салдырмақпын.

Петер Сийарто, Мажарстан сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі:
Біз вакциналау арқылы індетті жеңуге болады деп ойлаймыз. Мажарстанда Ресей мен Қытайдан вакцина сатып алу шешімі қабылданды. Бізде вакциналау бойынша жақсы көрсеткішке ие, жақында 2 жарым млн адамға жеткіземіз.

Алдағы уақытта қазақстан мен Мажарстан арасында визалық режимді жеңілдету жоспарланып отыр. Еуропалық Одаққа мүше елдерге біздің азаматтар еркін баруы үшін келіссөздер жүріп жатыр. Сондай-ақ, Астана халықаралық қаржы орталығында Мажарстан Экспорт-импорт банкінің кеңсесі ашылды. Бұл Орталық Азия өңірінде мажар компанияларының жұмыс істеу мүмкіндік береді.

Амангелді Сейітхан

вакцина

Хабарламаларға жазылу