«Референдум 20 эксперттік пікір» отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Референдум 20 эксперттік пікір» отырысы өтті

03.05.2022

Референдум азаматтарды саяси белсенді болуға шақырып, әрбір тұрғынға мемлекеттің дамуына атсалысуға үлкен мүмкіндік береді. Әсіресе,конституциялық реформа жүргізудегі жаңа партияларға берілетін жеңілдіктер де тұрғындардың қоғамдық жұмыстарға белсенді болуына жол ашады. Бұл жайында Қазақстанның қоғамдық даму институты мен Ақпарат және қоғамдық даму минитрлігі ұйымдастырған «Сарап» эксперттер клубының отырысында айтылды. Сарапшылар референдум өткізудің қоғамға оң әсерлерін атап өтті. Ал, саяси партияны тіркеу үшін қолдаушылардың саны 5 мың адамға қысқаруы оң өзгерістерге әкеледі. Ал, партиялардың жоғары мінберге өтудегі үлес салмағы 7 пайыз болатын болса, бүгінде ол меже 5 пайызға қысқарған. Мұның бәрі қазіргі партиялар мен жаңадан құрылатын партияларға тең мүмкіндіктер сыйлайды.

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:

Біз ақырындап Мәслихаттарды сайлауда, Парламентті сайлауда можаритарлы және партиялық жүйеге көшкелі отырмыз. Мәжіліс 70 пайыз партиялық, 30 пайыз можаритарлық, ең бастысы қалалық аудандық маслихаттар өзін өзі ұсынумен сайланады. Бұл да үлкен өзгерістердің бірі.


Хабарламаларға жазылу