Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин референдумның өткізілуі туралы пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин референдумның өткізілуі туралы пікір білдірді

06.06.2022

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин референдумның өткізілуі туралы пікір білдірді.

Сонымен, референдум өтті. Орталық референдум комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша халықтың 68,06% дауыс берді. Олардың 77,18% конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысын қолдады. Халықтың белсенділігі мен қолдау деңгейі қоғам бірлігінің жаңа деңгейге шыққанын көрсетеді. Референдум нәтижесінен халық пен билік елдің болашақ даму мүмкіндіктерін бірдей бағамдайтынын байқауға болады.

Мұның барлығы қазақстандықтар Президенттің реформаларын қолдайтынын көрсетеді.


Хабарламаларға жазылу