Ресей Украинаның шығысындағы үлкен аумақты басып алуға әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Украинаның шығысындағы үлкен аумақты басып алуға әзірленіп жатыр

03.05.2022

Ресей осы айдың соңына дейін Украинаның шығысындағы үлкен аумақты басып алуға әзірленіп жатыр. Мұны АҚШ-тың ОБСЕ-дегі елшісі Майкл Карпентер мәлімдеді.

Оның дерегінше, Мәскеу Луганкс және Донецк облыстарын Ресейге қосу туралы референдумды мамырдың ортасында өткізуі мүмкін. Және де Кремль Херсон облысын да тәуелсіз респбулика деп жариялауды жоспарлап отыр. Бұған дейін Ресей бар күшті Донбассты азат етуге жұмсайтынын мәлімдегені белгілі.

Өзге бір дерекке қарағанда, Ресей армиясы Одессаға зымыранмен соққы бергенде 14 жасар бала қаза тауып, 17 жасар қыз жараланды. Президент Владимир Зеленскийдің сөзінше, ракеталар жатақхананы қиратқан. Дегенмен, Мәскеу Украинада әскери нысандардың ғана жойылып жатқанын хабарлап отыр.

Ал, Ұлыбритания Киевке 375 миллион доллардың қаруын беретінін жариялады. Бұған дейін Лондон Украинаға танкіге қарсы 5 мыңнан астам снаряд пен зымыранға қарсы 5 жүйе жіберді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу