Былтыр Қазақстанда өрттен 9 млрд теңге шығын келген
Былтыр Қазақстанда болған өрттерден 9 млрд теңге шығын келген. 2021 жылы ел аумағында 12 мыңнан астам оқыс жағдай тіркелді. Тілсіз жаудан 413 адам көз жұмып, 429 адам жарақат алған. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, бұл оқиғалардың 34 пайызы электр жабдықтарындағы ақауға байланысты болған. Ал тұрғындардың абайсызда жасаған әрекетінен 3400-ден астам өрт тіркелді. Министрлік сәуір-мамыр аралығында ұлттық парк, табиғи қорықтар мен балалар лагерінің өрт қауіпсіздігі мен дайындығын тексереді. Аймақтық топтар құрылған. Қажет болған жағдайда жалын шарпыған үлкен аумақтарға 39 мың адам, 8 мың техника және 10 тікұшақ жұмылуға әзір.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10