Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінеді

29.04.2022

Жуырда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын іске қосылады. Қазір «Жасыл Даму» кәсіпорны қаражатты беруге байланысты жұмысты пысықтап жатыр. Автонесиеге 100 млрд теңге бөлінеді. Сонымен бірге 30 млрд теңгеге автобус паркін жаңартуға лизингтік қаржыландыру көзделіп отыр.

Жеңілдікпен көлік алу үшін талап мынадай:

Жеңіл автокөлікті қаржыландыру сомасы 10 млн теңге

Автокөлік алушыға екі жылда несие тек бір-ақ рет беріледі

Қаржыландыру мерзімі 7 жыл

Бастапқы жарна 0-% дан басталады

Көліктің құны 15 млн теңгеден аспауы қажет.

Бұл бағдарламаға бұрын өтініш бергендер де қатыса алады. Ол үшін электронды кезек ұйымдастырылады.

Олжас Сапарбеков, Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары:
Жеңілдетілген автонесие алғысы келетіндердің кең сұранысын назарға ала отырып, екінші деңгейлі банктер жаңа өтінімдерді қабылдайды. Бағдарлама халық банкі, Еуразиялық банк, Jusan Bank, кредит орталығы және Форте банк сияқты екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асады.

Қонысбек Терекұлы

Хабарламаларға жазылу