Жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге бөлінеді - Әлихан Смайылов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге бөлінеді - Әлихан Смайылов

08.02.2022

Жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр айтты. Әлихан Смайыловтың сөзінше, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы эконом-класстағы отандық автомобильдерді сатып алу үшін бағытталады.

Сондай-ақ, елорданы өңірлермен байланыстыратын тасжолдарды сәулелік принцип бойынша одан әрі қайта жаңғырту қарастырылған.

«Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, жерге, газға, суға, электр қуатына тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының утильалым мөлшерлемесі олардың төмендеуіне қарай өзгереді», - деді Үкімет басшысы.  

Хабарламаларға жазылу