Атырау облысындағы орта мектеп бір кабинетті қымбатқа алмақ болғандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы орта мектеп бір кабинетті қымбатқа алмақ болғандар анықталды

28.04.2022

Атырау облысындағы Мақат ауданында орналасқан Бержан Қанатбаев атындағы орта мектеп 7 млн теңге тұратын кабинетті 1 млрд теңгеге сатып алмақ болды. Заңсыздықты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Мемлекеттік сатып алу порталына жүргізген мониторинг кезінде анықтады. Білім ордасы қыздарға арналған технология кабинетін 1 миллиард теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Оқу кабинеттерінің негізгі бағасы - 3,5 млн мен 7 млн теңге аралығында. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жолданған ұсыныс хаттың нәтижесінде сома 12 млн теңгеге өзгертілді. Осылайша, бюджет қаражатының 1 млрд теңгесі үнемделді.

Хабарламаларға жазылу