Теңіз мұнай кен орны қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз мұнай кен орны қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлап отыр

15.04.2020

Күн сайын дендеген індет кей алпауыт кәсіпорындардың да жұмысын шатқаяқтатып жіберді. Мәселен, Атырау атырабындағы Теңіз кеніші де қатерлі кеселден қауетерленіп, өндіріс қарқынын бәсеңдетпек. Ал Батыс Қазақстан облысында қойылған жаңа шектеулер халық арасында дүрбелең туғызды.

Павлодарда коронавирус жұқтырған тұрғындардың бірі 1970 жылы туған келіншек жатақханада тұрған. Нысан дереу карантинге жабылып, сырқатпен байланыста болғандар анықталып жатыр.

Ал індеттің өрши бастауына байланысты БҚО-да карантин талаптарының күшейтілетінін естіген жұрт банктер мен дүкендерге лап қойды. Ақшасын шешіп, азық-түлік сатып алмақ болған халық ірі сауда орындары мен базарларға қарай ағылды. Көпшілік сығылысқан ұзын-сонар кезекке тұрып, сақтық шаралары жайына қалды.

Ал Атырау облысындағы 30 мыңға жуық жұмысшысы бар Теңіз мұнай кен орны алдағы аптадан бастап өндіріс қарқынын бәсеңдетіп, қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлап отыр.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу