Талдықорғанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында аллея ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында аллея ашылды

27.04.2022

Талдықорғанда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында аллея ашылды. Шағын саябақ Тіл сарайы ғимаратының ауласында орналасқан. Алаш ардақтысының есімін ұлықтауға келген ғалымдар мен тіл жанашыларлары ағаш отырғызды. Жалпы биыл Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы халықаралық деңгейде атап өтіледі. Бірнеше мемлекетте ғылыми-конференциялар ұйымдастырылып, қаламгер шығармалары мен еңбектері қайта жарыққа шықпақ. Аллеяның Талдықорғанда ашылуының өз мәні бар. Тіл білімі институтының ғалымдары Ахмет Байтұрсынұлы Жетісу өңірі туралы көп зерттеу жүргізгендігін айтады.

Ермұхамед Маралбек, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары:

Тағы бір айта кететін дерек, осы Жетісуға байланысты деректерді ол өте жақсы білген. Мына жақта Мамания мектебі бар. Жетісудағы Барлыбек Сырттанов бар Қапалдағы. Қапал өңірін өзінің «Қазақ» газетінде ұдайы, Қапал өңіріне байланысты деректерді жазып отырған.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу