Әлішер Кәрімов байқаудың алғашқы күнінде екінші орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлішер Кәрімов байқаудың алғашқы күнінде екінші орын алды

24.07.2014
Әлішер Кәрімов байқаудың алғашқы күнінде екінші орын алды

Юрмалада өтіп жатқан «Жаңа толқын – 2014» байқауына Қазақстанның атынан қатысып жатқан Әлішер Кәрімов бірінші күннің қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді.

Байқаудың алғашқы күні Әлішер Адриано Челентаноның «Confessa»  әнін орындады. Игорь Николаев, Лайма Вайкуле, Леонид Агутин, Валерий Меладзе, Константин Меладзе, Филипп Киркоров, Игорь Крутой сияқты белгілі музыканттардан құралған қазылар алқасы талантты әншіге 73 ұпай берді.

Сайыстың шешуші күні қазақстандық өнерпаз «Әрине» атты әнді орындайды. Бұл әнді ақын Талант Арғынғали мен жас композитор Ғалымбек Исімбергенов байқауға арнайы жазған.

Хабарламаларға жазылу