Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын-2014» байқауында украиналық әншімен дуэт құрмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын-2014» байқауында украиналық әншімен дуэт құрмақ

22.07.2014
Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын-2014» байқауында украиналық әншімен дуэт құрмақ

«Жаңа толқын-2014» халықаралық музыкалық конкурсында ресми жеребе тастау рәсімі өтті. Қазақ елі атынан шығатын Әлішер Кәрімов конкурстың екінші күнінде «15-ші» нөмірмен шықса, үшінші күні сахнаға алтыншы болып шықпақ. Ал конкурстың бірінші күнгі нөмірі 22 шілде күні фестивальдің ашылуында белгілі болады.

Байқаудың бірінші күнінде қазақстандық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әнін орындайды. Ал екінші күні «Жаңа толқын-2010» байқауында екінші орынды иеленген украиналық әнші Татьяна Ширкомен дуэт құрмақ. Байқаудың соңғы күнінде Әлішер осы конкурсқа арнайы жазылған «Әрине» әнімен шығады.

Айта кету керек, «SuperStar.KZ» жобасы финалисінің халықаралық конкурстарда тәжірибесі бар. Ол 2011 жылы XX «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде үшінші орын  және ресейлік БАҚ атынан арнайы сыйлыққа ие болған.

Латвияның Юрмала қаласында 22-27 шілде аралығында өтетін фестивальді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу