«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Жаңа толқын-2014» байқауын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Жаңа толқын-2014» байқауын тікелей эфирде көрсетеді

17.07.2014
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Жаңа толқын-2014» байқауын тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жас әншілердің XIII халықаралық  «Жаңа толқын-2014»  байқауын тікелей эфирде көрсетеді.

Байқау 22-27 шілде аралығында Латвияның Юрмала қаласында өтеді.  Шараға қатысу үшін әлемнің 45 мемлекетінен 15000 жас талант өтінім білдірген.

Алайда, ақтық сайыста 13 мемлекеттен тек 16 қатысушы  бақ сынайды.

Халықаралық  байқауда Қазақстанның атынан Әлішер Кәрімов өнер көрсетпек. Ол көпшілікке 2005 жылы «Superstar.KZ»  жобасы арқылы танылды.

Сондай-ақ, Әлішер Кәрімов  - «World Champion ships of Performing Arts»  (АҚШ) наградасының, «Ереван шақырады -2012» халықаралық поп-музыка фестивалінің ІІІ орын иегері.

Жуырда қазақстандық әнші  «Шүкір» атты үшінші альбомын жарыққа шығарды.

Ә.Кәрімов байқаудың «Әлемдік хит»  деп аталатын алғашқы күнінде  Адриано Челентаноның «Confessa» әнін орындамақшы.  

Ал, сайыстың екінші күні «Жаңа толқын-2010» байқауының ІІ орын иегері, украиналық әнші Татьяна Ширкомен дуэт орындайды.

Байқаудың «Премьералар күні»  деп аталатын үшінші күнінде қатысушылар жаңа әндер орындауға міндетті.

Әлішер көпшіліктің назарына Талант Арғынғалидың сөзіне жазылған Ғалымбек Исмбергеновтің «Әрине» әнін ұсынбақшы.

Айта кетейік, тікелей эфирдегі трансляцияны журналист Асхат Садырбай жүргізеді.

Хабарламаларға жазылу