Әлішер Кәрімов: Конкурстан әркім өзіне керегін алса екен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлішер Кәрімов: Конкурстан әркім өзіне керегін алса екен

24.07.2014
Әлішер Кәрімов: Конкурстан әркім өзіне керегін алса екен

Әлішер Кәрімов - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі. «Super Star KZ»  байқауының финалисі,  «Славян базары» және «Ереван шақырады» байқауларында 3-ші орын алған.

Әнші алғаш рет бес жасында «Әнші балапан» байқауында жеңіске жеткен. Әлішердің вокалды тембрі – контр-тенор.

Кітап оқығанды жақсы көреді, әсіресе романдарға әуес. Ал жазушылардан Лев Толстойдың шығармаларын жоғары қояды. Сүйікті әндері әртүрлі: этно-поп, заманауи поп-музыка, сондай-ақ, А.Пугачева, Ф.Киркоров, Shakira және басқа да әншілердің әндерін тыңдайды.

«Қатысушылардың барлығына тілерім: бұл байқау бос өтпесе екен. Яғни, конкурстан әркім өзіне керегін алса деп тілеймін»,-дейді.

Әлішер Кәрімовтің реттік нөмірі – 16.

Хабарламаларға жазылу