Тамара Асар Ұлыбританияда өткен экологиялық жобаға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамара Асар Ұлыбританияда өткен экологиялық жобаға қатысты

25.04.2022

22 сәуір - Халықаралық жер күніне арналған «Resolution» атты ғаламдық экологиялық музыкалық жобасына біздің еліміз де өз үлесін қосты.

Халық және эстрада әндерін заманауи нақышта орындайтын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар әлем тілдерінде орындалған әннің қазақша нұсқасын ұсынды. Жоба мақсаты - жер жаһан бойынша түсірілген музыкалық бейнебаяндар жинағын жасап, оны танымал ақпараттық платформаларда көрсету. Осы арқылы планетамызға төніп тұрған климаттық және экологиялық қауіпке бүкіл әлем халықтарының назарын аударту.

Эбби Райт, «Resolution» жобасының директоры:

Қазақстандық нұсқа өте керемет! Ол жобамызға ерекше рең берді десе болғандай. Тамара есімді ғажап әнші өзі ғана емес, басқа да талантты музыканттар мен балалардың басын біріктіріп, әннің керемет нұсқасын жасай алды және біз оған алғысымызды білдіреміз.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу