AmalTalks конференциясында «‎Қазақстан-Ақтау» телеарнасы түсірген «Тәуелсіздік шежіресі» фильмінің тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

AmalTalks конференциясында «‎Қазақстан-Ақтау» телеарнасы түсірген «Тәуелсіздік шежіресі» фильмінің тұсауы кесілді

10.03.2016
 AmalTalks конференциясында «‎Қазақстан-Ақтау» телеарнасы түсірген «Тәуелсіздік шежіресі» фильмінің тұсауы кесілді

Бүгін Ақтау қаласында AmalTalks конференциясы өттті. Бұл шара Маңғыстауда жыл сайын наурыздың басында тойланатын Амал мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр. Конференцияның басты тақырыбы - «Ұрпақтар сабақтастығы».

talks - «TED talks » конференциясының форматына сәйкестендіріліп жасалған. Яғни, әрбір қатысушының жиынға келгендермен өмірлік тәжірибесіне, айналысып жүрген жұмысына қатысты еркін форматтағы әңгімелесуі.

Қатысқан спикерлер Зейнолла Алшымбаев, Есен Елеукен, Тимур Бектұр,  Асхат Еркімбай, Тамара Асар, Paul Salopek, Андрей Астафьев, Vernon Lehmann, Вахтанг Джапаридзе.

Интеллектуалдық конференцияда ‪‎«National Geographic Қазақстан» журналы мен «‎Қазақстан-Ақтау» телеарнасы түсірген «Тәуелсіздік шежіресі» фильмінің тұсауы кесілді.  

Шараның мақсаты -  интеллектуал ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру. Сондай-ақ, тәжірибесі мол үлкендердің, айтары бар жастардың қалың жұртшылықпен ой бөлісуі.

Хабарламаларға жазылу